Қарақұдықта Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шара дүбірлеп өтті

Қарақұдықта Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шара дүбірлеп өтті

Қарақұдық ауылында Әз-Наурыз мейрамы ерекше салтанатпен аталып өтті. Мәдениет үйінің алаңында ұйымдастырылған мерекелік шара ауыл тұрғындарының басын біріктіріп, нағыз халықтық думанға ұласты.

Биылғы мерекенің басты ерекшелігі – ауыл тұрғындарының көше-көше болып ұйымдасуында болды. Әр көше ұлттық құндылықтарды ұлықтап, өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтқанда, қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, әуезді әндер шырқалып мерекенің көркін қыздырды.

Мерекелік шара соңында белсенділік танытқан әр көше арнайы марапатқа ие болды.