
17 наурыз — «Наурызнама» онкүндігі аясындағы Шаңырақ күніне орай Қарақұдық орта мектебінің оқушылары ауыл ақсақалы Сәбит Пайызовтың шаңырағында болды.
Кездесуде оқушылар ғибратты әңгімелер тыңдап, рухани азық алды. Қария жас ұрпаққа ақ батасын беріп, оқуда озық болуларына тілектестік білдірді.
Ақсақалдың ақ тілегін алған мектеп оқушылары үшін бұл жүздесу үлкен тағылым болды. Осындай игі бастамалар өскелең ұрпақты рухани байлық пен әдептілікке тәрбиелеуге бағытталған.