
17 наурыз күні Қарақұдық ауылдық мәдениет үйінде «Дәстүрімнің бал қаймағы – әжелер» атты аудандық сайыс өз мәресіне жетті.
Аталған іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әжелеріміздің даналығы мен өнегесін насихаттау, сондай-ақ жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. Сайысқа ауданның белсенді әжелері қатысып, өзара бақ сынасты.
Байқау барысында қатысушылар өз өнерлерін, қолөнер шеберліктерін, ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеру деңгейін және өмірлік тәжірибелерін көрсетті. Әрбір әже көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, көпшілікке өнеге боларлық тағылымды ойларымен бөлісті.
Қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталып, жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Әжелер – ұлттың ұйытқысы, тәрбиенің бастауы. Осындай тағылымы мол шаралар ұлттық дәстүрлеріміздің сабақтастығын сақтауға, қоғамдағы аға буынның рөлін арттыруға және жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды орын алады.