Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат: Қарақұдық және Тікқайын мектептерінде қолөнер көрмесі өтті

Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат: Қарақұдық және Тікқайын мектептерінде қолөнер көрмесі өтті

«Наурызнама» онкүндігі аясында 16 наурыз — «Мәдениет және салт-дәстүр күніне» орай ауылдық округке қарасты білім ордаларында ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды.

Осы айтулы күннің шеңберінде Қарақұдық орта мектебі мен Тікқайын негізгі мектебінде қазақ халқының бай мәдениеті мен тұрмыс-салтынан сыр шертетін қолөнер көрмелері өтті.
Көрмеге оқушылар өз қолдарымен жасаған, ұлттық нақыштағы қайталанбас бұйымдарын ұсынып, нағыз шеберлік пен шығармашылықтың үлгісін көрсетті.

Көрмеге қойылған әрбір жұмыстан балалардың ұшқыр қиялы мен дәстүрлі қолөнердің ажырамас үндестігі айқын байқалады. Бұл бастама жас жеткіншектердің өз тамырына үңіліп, бабалар мұрасын танып-білуіне, төл мәдениетімізді жаңғыртуына жол ашты.