Жыр алыбы - Мұқағали

Жыр алыбы - Мұқағали

Қарақұдық ауылдық кітапханасында қазақ поэзиясының заңғар ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай Мәдениет үйімен бірлесіп мәдени-танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шара аясында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, Мұқағали Мақатаевтың шығармалары көпшілік назарына ұсынылды.

Шараға Қарақұдық орта мектебінің оқушылары қатысып, ақын өлеңдерін оқып, өз ой-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар ауылдың ардақты әжелері де қатысып, ақын шығармашылығы жөнінде пікірлерімен бөлісті.

Аталған іс-шара жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, ұлттық әдебиетке деген құрметті қалыптастыруға бағытталды.