Даулет Төлемісов — 14 жылдан кейінгі тарихи жеңіс

Даулет Төлемісов — 14 жылдан кейінгі тарихи жеңіс

Абай облысы, Семей қаласында 14–21 қазан аралығында өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында Ақтөбелік боксшы Даулет Төлемісов (85 кг) топ жарып, ҚР ЧЕМПИОНЫ атанды!

Бұл жеңіс — Ақтөбе боксы тарихындағы ерекше сәт, себебі соңғы рет біздің өңірден ел чемпионы шыққанына 14 жыл өткен еді: 2003 ж. – Галиб Джафаров (57 кг) 2011 ж. – Мәди Шолақов (57 кг) Даулеттің табысы — ұзақ жылдық еңбектің, ерік-жігердің және рухтың жемісі. Бұл жеңіс арқылы ол Ақтөбе боксының жаңа дәуірін ашты!

Даулет Төлемісовті және оның бапкерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Ақтөбе спортының абыройын асқақтатып, еліміздің намысын қорғауда жаңа биіктерді бағындыра беріңіздер!

 Жеке бапкері: Абдурашитов Әлім Әбләкімұлы