2025 жылғы 1 шілдеден бастап газбен қамтылған барлық өңірлер үшін “Әлеуметтік әмиян” сервисі іске қосылды. Бұл сервис арқылы тауарлық газға жеңілдік алу мүмкіндігі қарастырылған. Егер сіз атаулы әлеуметтік көмек немесе тұрғын үй көмегін алушы болсаңыз, SMS-хабарламаны тексеріп, жеңілдік ваучерін іске қосыңыз. SMS-хабарламалар 2025 жылғы 24 шілдеде қайта жіберілді.Бұл жеңілдік халықтың әлеуметтік осал топтарына қосымша қолдау көрсету және газ бағасының өсуіне байланысты шығындарын азайту мақсатында ұсынылып отыр.
Қосымша ақпарат пен көмек алу үшін «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ колл-орталығына хабарласыңыз:
📞 5-104 немесе WhatsApp: +7-707-252-71-15.