Аудан әкімі Асланбек Шуиншалиев жұмыс сапарымен Маржанбұлақ және Қарақұдық ауылдарына барып, бірқатар инфрақұрылымдық жобалар, оның ішінде: ауылдық амбулатория, спорт кешені мен ауылішілік көшелерге асфальт төсеу жұмыстарының барысын бақылады.
Маржанбұлақ ауылындағы ауылдық амбулатория құрылысы жобаға сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде.
Қазіргі таңда, ішкі әрлеу мен қажетті жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылы құрылысы басталған спорт кешені де тұрақты бақылауда. Аудан және ауыл әкімдерінің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатқан нысан ауыл тұрғындарының спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында бой көтеруде.
Қарақұдық ауылында ауылішілік жолдардың құрылысы қарқынды атқарылуда.
Бүгінде, үш көшеге асфальт төсеу үшін негіз қаланып, жұмыс жалғасуда.
Құрылыс алаңдарын аралау барысында аудан басшысы мердігерлерге жұмыстың сапасы мен мерзімін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.