КИБЕР ТҰМАР – БАЛАНЫҢ ЦИФРЛЫ БОЙТҰМАРЫ

КИБЕР ТҰМАР – БАЛАНЫҢ ЦИФРЛЫ БОЙТҰМАРЫ

Бұл роликте қазақстандық балалар күн сайын қандай цифрлы қауіп-қатерге ұшырап жатқандарын ашық айтып берді. Сіздер де қарап шығып, өз балаларыңызға көрсетіңіздер.

«КИБЕР ТҰМАР» – Қазақстандағы балалардың киберқауіпсіздігі туралы тұңғыш ақпараттық науқан. Ол балаларға интернетті пайдалану кезінде қауіпсіз тұтынушы тәжірибесін қалыптастыруға көмектесіп, түрлі қауіп-қатердің алдын алуды үйрету үшін құрылған.

Бұл не үшін керек?

Әрбір бала күндердің бір күнінде алғашқы виртуалды қадамын жасайды. Міне, осы тұста цифрлы кеңістікте қауіпсіз әрекет етуге көмектесетін қорғанысты дер кезінде беру аса маңызды. Балаңызда КИБЕР ТҰМАР болса, онлайн қарым-қатынас, ойындар, білім алу – осының бәрі ары қарай дамуға мүмкіндік беретін күшті ортаға айнала алады.

Бұл ақпараттық науқанда ата-аналар мен балаларға төмендегі қауіп-қатерге қалай төтеп беруге болатыны жайлы айтамыз:

Кибербуллинг
Интернетте балаларға жасалатын зорлық-зомбылық
Балаларға арналмаған, тыйым салынған контент
Қауіпсіздік пен құпиялылыққа зиян келтіретін цифрлы қатерлер
Балалардың интернет пен гаджеттерге шектен тыс тәуелділігі

Сіздерге осы тақырыпты қамтитын қарапайым нұсқаулықтар, инфографика және сарапшылар кеңесін дайындап қойдық, оларды өзіңіз және отбасыңызбен пайдаланып, ата-аналар тобымен бөлісіп, мектептер мен балабақшаларға басып шығарып, бала қауіпсіздігі жайлы сынып сағаттары мен тренингтерде таратпа материалдар ретінде қолдана аласыздар. #КиберТұмар хэштегі арқылы ақпараттық науқан жұмысын бақылап отырыңыздар.

«КИБЕР ТҰМАР» ақпараттық науқаны ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті @kopd_mp_rk, ЮНИСЕФ Қазақстан @unicefkazakhstan және Еуропалық Одақтың @euinkazakhstan қолдауымен құрылған.
Медиа серіктес – Peremena.media @peremena.media.

Ал сіздің балаңызға қандай киберқауіп төнді? Ол мәселені қалай шешкеніңізді айтып беріңіз.

#КиберТұмар