Кеше Қарабұлақ және Аманкелді ауылында ауыл тұрғындарының қатысуымен жиын өтті

Кеше Қарабұлақ және Аманкелді ауылында ауыл тұрғындарының қатысуымен жиын өтті

Жиналыс барысында ауылдың тыныс-тіршілігіне тікелей әсер ететін бірқатар өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

Ең алдымен, мал жайылымы мәселесі көтеріліп, мал жаю тәртібін сақтау мәселесі қарастырылды. Тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, ортақ шешім қабылдады.

Келесі кезекте санитарлық тазалық мәселесіне ерекше назар аударылды. Ауыл аумағын таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс шығару, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың жауапкершілігін арттыру жөнінде нақты ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар, жиында ауыл өміріне қатысты басқа да өзекті мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары талқыланды. Тұрғындар арасында ашық пікір алмасу өтіп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеу қажеттігі атап өтілді.

Жиын қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу және ауылдың әл-ауқатын арттыру бағытында нақты міндеттер белгіленді.