Аманкелді ауылында «Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз» мерекесіне орай кең көлемде мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Аманкелді ауылында «Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз» мерекесіне орай кең көлемде мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шара барысында ауыл әкімі Бердалин Талғат Дәулетұлы ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, барша қауымға амандық, құт-береке және бірлік тіледі.

Аталған шараға ауыл тұрғындары белсенді түрде қатысып, ұлттық салт-дәстүрлер кеңінен дәріптелді. Бағдарлама аясында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, жергілікті өнерпаздар тарапынан ән мен би ұсынылды. Сонымен қатар, қатысушыларға Наурыз көже үлестіріліп, ақ дастархан жайылды.

Мереке барысында ауыл тұрғындары көтеріңкі көңіл-күйде бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, ел бірлігі мен татулығының жарқын үлгісін көрсетті.