
Мерекелік шара ауыл әкімі Бердалин Талғат Дәулетұлының ауыл тұрғындарына арнаған ақжарма құттықтау сөзімен бастау алып, ауыл көшелеріндегі сән-салтанатты көріністермен жалғасын тапты.
Іс-шара барысында жиналған көпшілікке дәстүрлі Наурыз көже ұсынылып, мерекелік концерттік бағдарлама қойылды. Сонымен қатар, ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Мереке соңында ауылдың қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген өнерпаздар мен спорттық ойындардың жеңімпаздары арнайы марапатталып, шара ұтыс билеттерінің ойнатылуымен қорытындыланды.