
Қарабұлақ ауылдық клубында 25 қазан - Республика күніне орай, “Қазақ елі- менің Отаным” атты мерекелік шара өтті.
Шара Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен бастау алды.Ары қарай әкімшілік бас маманы Арайлым Ержанқызы мерекемен құттықтау сөз сөйледі.Қарабұлақ мектеп-балабақшасының тарих пәні мұғалімі Майра Байғалиқызы Республика күні мен декларация туралы мағлұлат берді. Оқушылар Қазақстан, Отан туралы әндер шырқап, республика туралы өлең жолдарын оқыды.
Мақсаты:Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру.
Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.