4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!

Осы мерекеге орай Қарағаш ауылдық округіне қарасты Самбай ауылында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында барлық мекеме қызметкерлері бір мезетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, ел рәміздеріне деген құрметтерін көрсетті. Сонымен қатар, мерекелік челлендждер түсіріліп, патриоттық рухты дәріптейтін бейнероликтер дайындалды.

Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің айқын белгісі, елдігіміздің нышаны. Көк Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз әрдайым биікте желбірей берсін!