1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды

Қарағаш ауылдық округіне қарасты Самбай ауылының мәдениет үйінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен жастар белсенді қатысып, ел бірлігі мен татулығын дәріптейтін мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Концерт барысында ән шырқалып, би биленіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Мерекелік шараның басты мақсаты – ұлттар арасындағы достық пен өзара сыйластықты нығайту, қоғамдағы бірлік пен келісімді дәріптеу болды.