
31 наурыз күні Қарағаш ауылдық округінің әкімі Ғ.Ж. Қаратаевтың төралығымен ауыл тұрғындары мен шаруа қожалығы иелерінің қатысуымен маңызды жиын өтті. Аталған жиында ауыл шаруашылығына қатысты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Күн тәртібінде:
1. малдарды жайылымға шығару тәртібі;
2.санитарлық тазалықты сақтау;
3.мал ұрлығының алдын алу, мәселелері қаралды.
Мал бағуды тиімді ұйымдастыру мақсатында жыл сайынғы дәстүрлі үш бағыт бойынша мал жаю жүйесі бекітіліп, әр бағыттың жауапты тұлғалары айқындалды. Сонымен қатар, әр мал басына төленетін төлемақы мөлшері келісіліп, оның уақытылы жиналуы мен мақсатты жұмсалуы бақылауда болатыны атап өтілді. Жиын барысында ауыл ішіндегі тазалықты сақтау, тұрмыстық қалдықтарды ретімен шығару, ортақ аумақтарды күтіп ұстау мәселелері де кеңінен қозғалды.