
Наурыз мейрамы — табиғаттың жаңаруы мен тіршіліктің түлеуін, бейбітшілік пен бірлікті паш ететін халқымыздың ең қастерлі мерекесі. Биылғы Наурыз мерекесі Қарағаш ауылдық округінің Самбай ауылында да жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекелік шара ауыл халқының басын қосып, бірлік пен берекенің символына айналды.
Керемет концерт — көрерменге шуақ сыйлады!
Ауыл орталығында ұйымдастырылған салтанатты жиында ауыл халқы түгел жиналып, керемет концерттік бағдарламаны тамашалады. Сахна төрінде жергілікті өнерпаздар ән айтып, би билеп, күй күмбірлетті. Концерттің ашылу салтанатында Қарағаш ауылдық округінің әкімі Ғ.Ж.Қаратаев арнайы сөз сөйлеп, ауылдастарын Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде Наурыздың маңызына тоқталып, ауылдың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға, ардагерлер мен белсенді жастарға ризашылығын білдірді. Салтанатты шара аясында әкім бірқатар ауыл тұрғындарына ерен еңбегі мен қоғамдық жұмысқа белсене қатысқаны үшін алғысхаттар табыстады.