14 наурыз — Амал мерекесі (Көрісу күні) қарсаңында Қарағаш ауылдық округіне қарасты Самбай ауылында думанды мерекелік шара өтті

14 наурыз — Амал мерекесі (Көрісу күні) қарсаңында Қарағаш ауылдық округіне қарасты Самбай ауылында думанды мерекелік шара өтті

14 наурыз — Амал мерекесі (Көрісу күні) қарсаңында Қарағаш ауылдық округіне қарасты Самбай ауылында думанды мерекелік шара өтті. Қыстан аман шыққан ауыл тұрғындары — ата-әжелер мен жастар бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін айтып, мерекелік көңіл күйге бөленді.
Шара барысында ән шырқалып, би биленіп, ұлттық дәстүрге сай мол дастарқан жайылды. Қонақтарға Наурыз көже, бауырсақтар ұсынылды.

Мерекелік шараны құттықтау сөзімен ашқан Ғ. Ж. Қаратаев ауыл тұрғындарын Амал мерекесімен құттықтап, барша жиналған қауымға амандық, бірлік пен береке тіледі. Ол өз сөзінде бұл мерекенің адамдарды жақындастырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше дәстүр екенін атап өтті.
Мерекеде ұлттық ойындар да ұйымдастырылды. Атап айтқанда, арқан тартыс, қол күрес, ләңгі тебу, гір көтеру секілді сайыстар өткізіліп, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.