
Алғыс айту күні- көктемнің шуақты алғашқы күнінде өтетін ерекше мейрам, жүректі жылылыққа бөлеп, адамдарды бір-біріне жақындастыратын аса мәнді күн. Осындай айтулы күнде Самбай ауылдық мәдениет үйі көктемнің алғашқы күні Алғыс айту мерекесімен ауыл тұрғындары мен мекемелерге барып құттықтап,дәмнен бауырсақтан ауыс тигізді.Әр адам өз алғыстарын айтып, тілектерін білдірді.Бір-бірімізге көрсеткен қамқорлық пен сыйластық ешқашан сарқылмасын.Әрбір жақсылық үшін мың алғыс.Әрдайым бірге болып,табыстарға жете берейік!