
Самбай ауылында қысқы маусымға байланысты қар тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Ауыл аумағында, оның ішінде балалардың ойын алаңдарында қардан тазалау жұмыстары ұйымдастырылып, тұрғындар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ойын алаңдарын қолжетімді күйде ұстау және тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз жүріп-тұруына жағдай жасау. Қар тазалау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.