
Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында Қарағаш ауылдық округіне қарасты Самбай ауылында кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы бағытталған қылмыстардың алдын алу мақсатында құрылған мобильдік топ бекітілген жоспарға сәйкес профилактикалық іс-шаралар жүргізді.
Аталған іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы профилактикалық іс-шаралар шеңберінде мобильдік топ бос тұрған ғимараттарға тексеру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және осы бағыттағы профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру.