
Самбай ауылында қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсету мақсатында «Қарапайым жұмысшыларды құттықтау» челленджі аясында іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған челлендж күнделікті еңбегімен қоғамның дамуына зор үлес қосып жүрген қарапайым жұмысшыларға алғыс білдіруді көздейді. Құрылысшы, тазалықшы, жүргізуші, мұғалім, дәрігер, аспаз, зауыт қызметкері және басқа да еңбек адамдарының еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Іс-шара барысында қатысушылар еңбек адамдарына жылы лебіздерін білдіріп, олардың адал еңбегіне ризашылықтарын жеткізді. #қарапайымжұмысшылардықұттықтау