Қарағаш ауылдық округінің Самбай ауылы маңындағы су айдындарына ескерту белгілері орнатылды

Қарағаш ауылдық округінің Самбай ауылы маңындағы су айдындарына ескерту белгілері орнатылды

Қыс мезгілінің басталуымен су бетінде жұқа мұз қатуы байқалады. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су айдынының қауіпті учаскелеріне «Абайлаңыз, жұқа мұз!» деген ескерту белгілерін орнатты.

Мамандардың айтуынша, бұл кезеңде мұздың қалыңдығы адам салмағын көтеруге жеткіліксіз, сондықтан ол кез келген уақытта жарылып кетуі мүмкін. Осы себепті тұрғындарға, әсіресе балаларға, өзен-көл маңында абай болу, мұз үстіне шықпау жөнінде ескерту жасалады.