2025 жылдың 9 қазанында Алға қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен аудандық шахмат турнирі мәресіне жетті. Бұл сайысқа ауданымыздың әр түрлі елді мекендерінен спортшылар қатысып, өздерінің шеберліктерін көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша, Нұрбұлақ ауылының тұрғыны, Плаван Галина 1-орынға лайық деп танылды. Оның бұл жеңісі – шыдамдылық пен табандылықтың, қажырлы еңбектің және мақсатқа жетуге деген ерекше талпыныстың айқын дәлелі болып табылады.
Ұйымдастырушылар оған алдағы жарыстарда табыстар тілейді. Бұл жеңіс мүмкіндігі шектеулі жандардың спорт саласында өзін-өзі дамытуға және қоғамдық өмірге белсене араласуға үлкен мүмкіндік екенін тағы бір мәрте көрсетті.