"Ұлт - ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы" атты аудандық байқау өткізілді

"Ұлт - ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы" атты аудандық байқау өткізілді

Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ұлтымыздың мақтанышы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын насихаттауға арналған "Ұлт - ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы" атты аудандық байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының есімін ұрпаққа үлгі ету, шығармашылығын насихаттау.
Байқаудың шарттары:
1.А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы қамтылған театрландырылған көрініс көрсету.
2.Ақынның мысал, өлең, аудармаларының біреуін жатқа айту.
3.Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап беру.
4."Ахмет- ұлт ұстазы" тақырыбында эссе жазу.
Байқауға аудан аралық өнерпаздар қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытты.
Байқауда жүлделі орынға ие болған, қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан дипломдармен сертификаттар табысталды.
І орын иеленген - Куванова Асем Абайқызы, Самбай ауылы.
ІІ орын иеленген - Ахметкерей Ақжан Кемелхан қызы, Жерұйық ауылы, Баянкулова Айсауле Жалғасқызы, Маржанбұлақ ауылы.
ІІІ орын иеленген - Уралова Ақсұңқар Меңдібайқызы, Үшқұдық ауылы, Ойылханова Динара Абылайқызы, Жерұйық ауылы.
Ынталандыру сыйлығымен Тәттіғали Нұргүл Қуандыққызы, Болгарка ауылы, Изтлеуова Алмажан Төлегенқызы,Тікқайың ауылы.