Қарағаш ауылдық округінде әскерге шақырылушылармен зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Қарағаш ауылдық округінде әскерге шақырылушылармен зерделеу жұмыстары жүргізілді.

2025 жылғы 29 шілде, Қарағаш ауылдық округіне қарасты Самбай және Нұрбұлақ ауылдарында, Алға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы, аға лейтенант А. Ералы және әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыстар тобының бастығы, лейтенант А. Балтеміров қызметтік іссапармен келіп, әскерге шақырылушылармен және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді.

Зерделеу жұмыстары аясында мамандар үйлерді аралап, әскерге шақырылушылардың тұрмыс жағдайымен, денсаулық көрсеткіштерімен және отбасының әлеуметтік танысу үшін шақырту қағазын таратты. Сонымен қатар, ата-аналар мен жастарға: Қазақстан Республикасының жаңадан өзгерген заңнамасына сәйкес, әскери борышын өтеп келген үздік сарбаздарға жоғары оқу орындарына білім гранты берілетіні түсіндірілді.

Аталған шара әскери қызметтің маңыздылығын арттырып, жастардың Отан алдындағы жауапкершілігін күшейтуге бағытталды.