Ұлттық құндылық- ұлт қорғаны” атты жаңа кітаптың таныстырылымына арналған кездесу кеші өтті.

Ұлттық құндылық- ұлт қорғаны” атты жаңа кітаптың таныстырылымына арналған кездесу кеші өтті.

Алға аудандық тілдерді дамыту, мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі
және Қарағаш ауылдық округі, Самбай ауылының әкімдігі, мәдениет үйі және кітапханасының қолдауымен, Самбай ауылдық мәдениет үйінде “ҚР Еңбек сіңірген қызметкері” төс белгісінің иегері, “Ақтөбе облысының туризм географиясы” оқулығының және Ақтөбе облысы энциклопедиясына қосымша авторлық жасаған өлкетанушы, ардагер ұстаз Серғалиева Райгүл Ақтөреқызының “Ұлттық құндылық- ұлт қорғаны” атты жаңа кітабының таныстырылымына арналған кездесу кеші өтті.
Іс-шаранының алғы сөзі “Алға аудандық тілдерді дамыту, мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі” ММ бас маманы Смайлова Венера Құдайбергенқызына беріліп, жергілікті халық пен өлкенің тарихы мен мәдени мұралары бойынша жаңа деректерге негізделген танымдық жинақ кітапқа тоқталып, келген қонақтарға өз жылы лебізін білдірді.
Шара барысында Райгүл Ақтөреқызы “Ұлттық құндылық- ұлт қорғаны” атты кітабын таныстырып, ұлттық құндылық , отбасындағы тәрбие туралы ой толғап, қазіргі жастарды кітап оқуға шақырды.
Шараға арнайы келген қонақтар ҚР “Алтын кітабына” енген, “Жаңа Қазақстан-2030 жыл адамы” атанған, ұлттық құндылықтарды үнемі насихаттап жүрген Қожантаева Күмісай Жұмабайқызы, “ҚР Еңбек Сіңірген қызметкері “ төсбелгісінің иегері, Қазақстан журналистер одағының және авторлар одағының мүшесі ақын, сазгер, ардагер ұстаз Арықова Асылгүл Арыққызы кітап туралы өз ой-пікірлерін айтты.
“Қазақ аналары- дәстүрге жол” қоғамдастығында тыңбай еңбек етіп жүрген, белсенді әжелер “Ұлттық құндылық - ұлт қорғаны” кітабымен танысып, кітаптың жастарға, қалың оқырманға берер тәлім - тәрбиесі мол екенін айқындап айтып, оқуға кеңес берді.
Самбай ауылдық мәдениет үйінің кішкентай өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, “Замандас” әжелер тобы “Бүлдірген” халық әнін шырқап, кештің сәнін келтірді.
Шара соңында Қарағаш ауылдық округінің әкімі Қаратаев Ғалым Жалғасбайұлы Райгүл Ақтөреқызына алғыс хат табыстап, сый-сияпатын беріп, құрмет көрсетті.