Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №366 «2026-2028 жылдарға арналған Қарағаш ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №366 «2026-2028 жылдарға арналған Қарағаш ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алға аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Қарағаш ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №366 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Қарағаш ауылдық округ бюджеті 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 69 283  мың теңге:

салықтық түсімдер – 11 901  мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

арнаулы түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі  -  57 382 мың теңге;

2) шығындар – 70 962,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:

бюджеттік кредиттер –         0  теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)– - 1 679,5  мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 679,5 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 679,5 мың теңге.»;

көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

 

Алға аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                                          М.Тулеуов

 

 

 

 

 

Жоба
Дата публикации
18 июня 2026