Бестамақ ауылдық округінде елімізде өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында және санитарлық тазалау мен көгалдандыру бойынша жарияланған екі айлық шеңберінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Аталған шара барысында округ аумағында 1000 түп қарағаш көшеті отырғызылды. Бұл бастама ауыл аумағындағы жасыл аймақтардың көлемін арттырып, экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыруға бағытталған.
Көшет отырғызу жұмыстарына округ қызметкерлері, білім беру мекемелерінің ұжымдары, жастар ұйымдары мен ауыл тұрғындары белсене атсалысты.