Бестамақ ауылдық округінің әкімі Қанат Дәулеталиннің Рамазан айының басталуымен құттықтауы!

Бестамақ ауылдық округінің әкімі Қанат Дәулеталиннің Рамазан айының басталуымен құттықтауы!

Құрметті ауылдастар!

Баршаңызды  мұсылмандары үшін қасиетті  – Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан – адамзат баласын татулық пен бейбітшілікке, мейірім мен ізгілікке үндейтін қадірлі ай. Бұл айда ораза ұстау – мұсылмандық шарттың бірі әрі рухани жаңару мен тазарудың бірденбір көзі.

Ораза – адамзат баласын сабырлыққа тәрбиелеп, бардың бағасына жетіп, әлеуметтік тұрғыда әлсіз топтарға қайырымдылық жасауға шақыратын қасиетті парыздың бірі.

Үлкен тәрбие мектебі, рухани кемелденуге бастайтын Рамазан айында жасаған амалдарыңыз бен ізгі ниеттеріңізді Алла тағала қабыл еткей.

Әрбір отбасына амандық, толағай табыс, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Бейбітшілігіміз бен берекелі өміріміз ұзағынан болып, есендік пен саулықта келесі Рамазан айына аман жетуге тілектеспін!

Ізгі ниетпен, Бестамақ ауылдық округінің әкімі Қ.С.Даулеталин