Бестамақ мәдениет үйі алаңында «Бала бақыты – ел бақыты» атты мерекелік шара өткізілді

Бестамақ мәдениет үйі алаңында «Бала бақыты – ел бақыты» атты мерекелік шара өткізілді

    1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Бестамақ мәдениет үйі алаңында «Бала бақыты – ел бақыты» атты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шарада Бестамақ ауылдық округінің әкімі Қанат Сағынғалиұлы барша бүлдіршіндерді мерекемен құттықтай отырып, дендеріне саулық, жүздеріне күлкі, оқуда табыс және бақытты балалық шақ тілеп ыстық лебізін білдірді.
Іс-шара барысында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын ойындар ұйымдастырылып, ән мен би орындалды. Көңілді сайыстарға қатысқан бүлдіршіндер белсенділік танытып, мерекенің сәнін келтірді.
Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері – әрбір елдің жарқын болашағының көрінісі. Бақытты бала – бақытты отбасы, ал бақытты отбасы – берекелі қоғамның негізі.