Бестамақ мәдениет үйінде музыкалық -поэтикалық кеш ұйымдастырылды

Бестамақ мәдениет үйінде музыкалық -поэтикалық кеш ұйымдастырылды

15 сәуір күні Бестамақ мәдениет үйінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, жүрекке жылы жырларымен танылған ақын – Шөмішбай Сариевтің туғанына 80 жылдық мерейтойына орай «Жыр мен әннің шамшырағы» атты музыкалық -поэтикалық кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында ақынның жүрек тербетер жырлары оқылып, әнге айналған шығармалары орындалып, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.
Әрбір өлеңнен туған жерге деген махаббат, өмірге деген құштарлық анық сезілді. «Бақытты аналар» кеңесінің мүшесі Утениязова Мәрзияның орындауындағы ән де көрермендерді әдемі сезімге бөледі. Сонымен қатар аудандық мәдениет бөлімінің әдіскері Шара Елеусіз кешке қатысып, жылы лебізін білдірді.Ақын жыры – уақыттан озбайтын, жүректерде мәңгі жаңғыратын рухани қазына. Осындай тағылымы мол кештер жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.