
Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Бестамақ ауылында арықтар мен су өткізу жүйелерін қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Атқарылып жатқан жұмыстар:
Ауыл ішіндегі негізгі арықтар мен каналдарды қалың қардан аршу;
- Су өткізгіш құбырлардың өткізу қабілетін тексеру және тазалау;
- Қауіпті аймақтардан қарды сыртқа шығару.
Бұл шаралар еріген қар суының кедергісіз ағуын қамтамасыз етіп, тұрғын үйлер мен аулаларды су басу қаупін сейілтуге бағытталған. Ауыл тазалығы мен қауіпсіздігі — басты назарда!