Қар тазалау және сыртқа шығару жұмыстары

Қар тазалау және сыртқа шығару жұмыстары

Бүгін Бестамақ ауылында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар басталды.
Қар тазалау және сыртқа шығару жұмыстары ең алдымен Алға көшесінен бастау алды. Арнайы техникалардың көмегімен көше бойында жиналған қалың қар аршылып, ауыл сыртына тасымалдануда. ​Бұл жұмыстар алдағы уақытта ауылдың басқа да көшелерінде кезең-кезеңімен жалғасатын болады.