
Бестамақ ауылына аудандық жұмыс тобы арнайы келіп, шаруа қожалықтарының басшыларымен мазмұнды кездесу өткізді. Жиын барысында келесі басты бағыттар сөз болды:
- Көктемгі дала жұмыстары:
-Техниканың дайындығы мен егіс науқанының жоспары.
- Жер қатынастары: Жерді тиімді пайдалану және құқықтық нормалар.
- Ветеринариялық қауіпсіздік: Төрт түлікті бағу ережелері мен жоспарлы егу жұмыстары.
Нәтижесінде шаруа қожалық басшылары өздерін мазалаған сауалдарын қойып, аудандық бөлім басшыларынан заң аясында нақты әрі толық жауаптар алды. Мұндай ашық диалог ауыл экономикасын ілгерілетудің басты кепілі.