Ауылымыздың жас палуандары жоғары нәтиже көрсеті

Ауылымыздың жас палуандары жоғары нәтиже көрсеті

 Ақтөбе қаласындағы Жекпе-жек спорт сарайында 2011–2013 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында өткен U15 облыс чемпионатында ауылымыздың жас палуандары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Нәтижесінде:
🥈 44 кг салмақ дәрежесінде — Түгелбай Ержан Ақылбекұлы күміс жүлдені жеңіп алды;
🥉 68 кг салмақ дәрежесінде — Кенаш Саясат Олжасұлы қола жүлдені еншіледі.

Аталған облыс чемпионатына шәкірттерді дайындаған жаттықтырушылар — Султанов Мерғали мен Лұқбанов Абайға ерекше алғыс білдіреміз. Олардың қажырлы еңбегі мен тәжірибесі шәкірттерінің жетістігімен айқын дәлелденіп отыр.