
2025 жылы Бестамақ ауылының тұрғыны Курманалин Жумажан «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қой шаруашылығын дамыту мақсатында жеңілдетілген несие алып, жеке кәсіпкерлік қызметін бастады.
Жобаның негізгі мақсаты – ата кәсіпті жаңғырту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру және ауыл тұрғындарының табысын көбейту.
Бағдарлама шеңберінде көрсетілген мемлекеттік қолдау нәтижесінде кәсіпкер мал басын көбейтіп, шаруашылықты кезең-кезеңімен дамытуға мүмкіндік алды. Аталған жоба ауылдық жерде тұрақты табыс көзін қалыптастыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етуде. «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл халқының кәсіпкерлік белсенділігін арттырып, ауылдың әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.