Ақтөбе облысының аграрлық секторында биылғы жылдың басынан бері оң динамика сақталып отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінше, өндірілген өнім көлемі 353 миллиард теңгеге жуықтаған.

Өсім мал шаруашылығында да байқалады. Өңірде мал басы орта есеппен 7 пайызға артты. Бұл көрсеткішке мемлекеттік қолдаумен жүзеге асырылып жатқан «АЙС» ЖШС жобасы едәуір үлес қосып отыр. Кәсіпорын 2,5% мөлшерлемемен 7,5 миллиард теңге жеңілдетілген несие алған. Жоба аясында сүт өндіру көлемін 20 мың тоннаға ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл өңірдің өңделген сүтке деген сұранысын 90%-ке дейін қамтуға мүмкіндік береді.

Өсімдік шаруашылығында да оң нәтижелер тіркелді. «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарына 5% мөлшерлемемен 5,9 миллиард теңге жеңілдетілген несие берілді. Соның нәтижесінде шаруалар 554 мың тонна өнім жинады.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында 16,4 миллиард теңге несие беріліп, 2 883 жоба іске асты. Бағдарлама ауыл экономикасын дамытуға, жұмыс орындарын құруға және халық табысын арттыруға бағытталған.

Ведомство мәліметінше, кешенді мемлекеттік қолдау өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін нығайтып, мал және өсімдік шаруашылығының тұрақты дамуына жол ашып отыр.

 
 
 

03 желтоқсан 2025

 
Ақтөбе облысында Жұмыспен қамту жол картасы аясында 51 778 жұмыс орны құрылды

28 қараша 2025

 
Бестамақта еркін күрестен облыстық турнир өтуде

28 қараша 2025

 
Бүгін аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев Алға қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, жыл басынан бері атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады

28 қараша 2025

 
Ақтөбе облысы: Ауыл әкімдерінің диалог-платформасына 108 ауыл әкімі қатысты

27 қараша 2025

 
Облыс әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның отырысы өтті