Бестамақ ауылында еркін күрестен облыстық турнир өтуде

Бестамақ ауылында  еркін күрестен облыстық турнир өтуде

27-28 қарашада  Бестамақ ауылының спорт кешенінде КСРО спорт шебері, ұлағатты ұстаз Сансызбай Ұзақбайұлы Нұрмағамбетовті еске алуға арналған 2011–2013 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы ашық облыстық турнир басталды.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев қатысып, жарысқа келген жас балуандар мен жаттықтырушыларға сәттілік тілеп, спорттың жастар тәрбиесіндегі маңызын атап өтті.

Турнирге өңірдің түрлі аудандарынан келген 150-ге жуық жас балуан қатысуда.
Жас спортшылар бозкілемде өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіс тұғырына шығу үшін тартысты белдесулерге түсуде.

Жарыс жасөспірімдердің тәжірибе алмасуына, шеберліктерін шыңдауына және болашақ чемпиондардың қалыптасуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз.