Республика күніне мерекелік концерт!

Республика күніне мерекелік концерт!

Бестамақ мәдениет үйінде 25 қазан Республика күніне арналғанған меркелік концерт өтті. Іс-шараның мақсаты егемен еліміздің жетістіктерін дәріптеу, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін арттыру, бірлік пен татулықты насихаттау. Мерекелік концерт еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін паш ететін әсерлі бейнероликпен басталды.
Мерекелік кешті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахметов Аманжол ақсақал ашып, ауыл тұрғындарын еліміздің басты мерекесімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
Сонымен қатар Бестамақ ауылдық округінің әкімі Қанат Сағынғалиұлы жалпыхалықтық мерекеге айналған Республика күнінің маңыздылығын айтып :-Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін! –деді өз құттықтауында. Концерт барысында ауыл өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Кеш соңында Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалып, мерекелік кешке патриоттық рух берді.

Республика күні құтты болсын!