Ауыл жастары арасында дәстүрге айналған “Bestamaq Cup 2025” шағын футбол турнирі жоғары деңгейде өтті!
Жарысқа ауылдың белсенді, талантты жастары қатысып, достық пен тартысқа толы керемет ойындар көрсетілді. Әр команда өз шеберлігін, ұйымшылдығын және жеңіске деген жігерін танытты.
ЖЕҢІМПАЗ: 2000 жылғы команда
ІІ орын: 2004 жылғы команда
ІІІ орын: 1992-1994 жж команда
ҮЗДІК ОЙЫНШЫ: Төлеген Райымбек
ҮЗДІК ҚАҚПАШЫ: Жұбанышұлы Саясат
ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ: Маденов Қосай
ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ:Елубай Алихан
🎖 Сонымен қатар, спорт жанашырлары алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Турнир соңында жеңімпаздарға кубоктар, медальдар мен сыйлықтар табысталды.
Осындай спорттық шаралар — ауыл жастарының бірлігін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттаудың жарқын үлгісі.