Ауылымыздағы қуанышты жаңалық!

Ауылымыздағы қуанышты жаңалық!

Бүгін ауылымызда үлкен қуаныш – күрделі жөндеуден өткен балабақша өз есігін қайта ашты! Бұл – болашақ ұрпақтың жарқын тәрбиесі мен сапалы білім алуына жасалған үлкен қадам. Балабақша жаңа кейіпке еніп, балалардың жайлы әрі қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалды.

Ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Шараға ауыл тұрғындары, ата-аналар, ұстаздар мен құрметті қонақтар қатысты.

Бала — болашақ, ал олардың бақытты балалық шағы – бәріміздің ортақ міндетіміз. Жаңа кейіпке енген балабақшамыз ауылымыздың жарқын келешегінің кепілі болсын!