Мемлекеттік Гимн орындалды!

Мемлекеттік Гимн орындалды!

Бүгін, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Бестамақ ауылдық округінің әкімі К.С. Дәулеталин ауыл тұрғындары, мекеме ұжымдары және оқушылармен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады.

Шараның мақсаты – ел тұрғындарының мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, жастардың бойында отансүйгіштік сезім мен патриоттық рухты қалыптастыру. Мемлекеттік Гимн орындалған сәтте қатысушылар жүрек тұсына қолдарын қойып, елге деген сүйіспеншіліктерін білдірді.

🔷 Шара барысында округ әкімі К.С. Дәулеталин тұрғындарды мерекемен құттықтап, былай деді:

«Құрметті жерлестер! Баршаңызды 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің нышаны, елдігіміздің айғағы. Бұл күн – әрбір қазақстандықтың жүрегінде елге деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін оятатын ерекше мереке. Жастарымыздың бойында патриоттық рухты қалыптастыру – біздің ортақ міндетіміз. Ел бірлігі мен тәуелсіздігіміз мәңгі жасасын!»

Аталған іс-шара ауылдық округтегі рухани-патриоттық тәрбие жұмыстарының маңызды бөлігі болып табылады.