Үстел тенисінен жасөспірімдер мен қыздар арасында турнир өткізілді.

Үстел тенисінен жасөспірімдер мен қыздар арасында турнир өткізілді.

Мамыр айында Бестамақ спорт кешенінде үстел теннисінен 2012-2013 ж.т., 2014 және одан кіші жастағы жасөспірімдер мен қыздар арасында “ALGA CUP-2025” облыстық ашық турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өткізілді.

Жарысқа Ақтөбе қаласы, Ақтөбе Д.Қонаев атындағы ЖББОМГ, Қызылорда облысы, Атырау (Мақат), Атырау (Құрманғазы), Шалқар, Байғанин, Мәртөк, Ойыл, Ырғыз, Кенкияқ, Темір, Алға аудандары мен Бестамақ ауылынан барлығы 15 команда, 150-ден астам жас спортшылар қатысты. Турнир қатысушылары өздерінің жоғары дайындықтарын, шеберліктерін көрсетіп, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін ұсынды.

Жарыс командалық және жекелей бағдарлама бойынша өтті. Әр санаттағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, грамота, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, жарыстың мақсаты — жас спортшылар арасында үстел теннисін кеңінен насихаттау, тәжірибе алмасу және өңірлік достық қарым-қатынасты нығайту болды.

Турнир барысында төрешілер мен ұйымдастырушылардың кәсіби жұмысы мен қатысушылардың белсенділігі жарыстың жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті. “ALGA CUP-2025” турнирі жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе алаңы және болашақ жарыстарға үлкен серпін беретін маңызды дода болды.