
Есет Батыр ауылында қар еріп, жердің ылғалдығы кетісімен жолдарды тегістеу жұмыстары басталып кетті.
Көктемгі су тасқыны ауылдағы жолдарға айтарлықтай зиян келтірді. Әсіресе, кейбір жерлерде шұңқырлар пайда болып, бұл көлік қозғалысын қиындатты.
Бұл мәселелерді шешу үшін жергілікті әкімдік бірқатар шаралар қабылдады. Жолдарды қыру және тегістеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, ауылдағы барлық маңызды бағыттарда қозғалыс қамтамасыз етілді.