
1 наурыз -Алғыс айту күні мерекесіне орай Есет батыр ауылдық кітапханасында "Мың алғыс оқыған кітаптарыма" атты іс-шара өтті. Кітапханашы іс -шараға келген оқырмандарды көктемнің алғашқы күні 1 наурыз Алғыс айту күнімен құттықтап, ризашылық, алғыс туралы талқылады. Келген оқырмандар өздерінің оқыған кітаптары жайлы және кітаптардың білім көзі, рухани қазына екендігі, сонымен қатар кітаптың пайдасы туралы айтып өтті.Осы алғыс айту мерекесі күніне орай, кітапхана оқырмандарына ауылдық округінің әкімі Ж.Бақытжанұлы мен кітапханашы Л.Иманбаеваның атынан Алғыс хат берілді.