Қоқысты заңсыз жағу айыппұлға әкеледі.

Қоқысты заңсыз жағу айыппұлға әкеледі.
Көктем кезеңінде елді-мекендер аумағында құрғақ шөп пен қоқыстың тұтану жағдайларының саны айтарлықтай артады.
Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес қоқысты ашық аумақта желсіз ауа райында кез келген ғимараттардан, құрылыстардан және сақталған материалдардан кемінде 50 метр қашықтықта алғашқы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіштер, су) болған кезде ғана жағуға жол беріледі.
 
Қоқыс жағылатын алаң құрғақ, шөптер мен жапырақтардан тазартылуы тиіс. Қоқысты жағу тұрақты бақылаумен, тек күндізгі уақытта жүргізілуі тиіс. Қоқысты өртегеннен кейін отты мұқият сумен толтыру керек. Сөндірілмеген отты қараусыз қалдыруға тыйым салынады.
 
Көптеген азаматтар үшін аулада жиналған қоқысты полигонға шығарғаннан гөрі өртеп жіберу оңайырақ. Алайда, қоқысты жағу кезінде абайсыздық пен немқұрайлылық өртке әкеліп, қалпына келтірілмейтін зақым келтіруі мүмкін.
 
Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қоймаға жинау және жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 336-бабына сәйкес қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау:
•жеке тұлғалар үшін 20 АЕК немесе 86 500 теңге;
•лауазымды тұлғалар үшін 50 АЕК немесе 216 250 теңге;
•шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар үшін 200 АЕК немесе 865 000 теңге;
•орта бизнес үшін 300 АЕК немесе 1 297 500 теңге;
•ірі бизнес үшін 500 АЕК немесе 2 162 500 теңге.
 
Алға ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады.
 
Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 телефондарына қоңырау шалыңыз.
 
Алға ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі