
Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні Есет батыр ауылының тұрғындарына Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының басшысы Баетова Гүлзат Ідірісқызы және теолог маманы Садық Аманбек Сағадатұлы ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс - шараның мақсаты - жат діни ағымдардың алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және қоғамдағы тұрақтылықты нығайту.
Кездесу барысында қатысушыларға деструктивті діни ағымдардыңи белгілері мен қауіптері, діни ақпаратты әлеуметтік желілерден алудың зардаптары, сондай-ақ отбасы құндылықтарын сақтау мәселелері туралы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара соңында тақырыпқа сәйкес ақпараттық бүктемелер таратылды.