
5 ақпан күні Есет батыр ауылдық кітапханасында қазақ поэзиясының заңғар ақыны Мұқағали Мақатаевтың рухына 95 жыл толуына орай «Мұқағали әлемі» атты әдеби - сазды кеш өтті. Кеш барысында ақынның әндері орындалып, мағыналы өлеңдері мәнерлеп оқылды. Сонымен қатар кешке қатысушыларға М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын танытатын кітаптары таныстырылып, ақын мұрасының құндылығы кеңінен насихатталды. Әдеби - сазды кеш көрермендерге рухани әсер сыйлап, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттырды.