90 лет со дня рождения казахского писателя, драматурга, общественного деятеля Медеу Сапаевича Сарсекеева

90 лет со дня рождения казахского писателя, драматурга, общественного деятеля Медеу Сапаевича Сарсекеева

Қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Медеу Сапаұлы Сәрсекеевтің туғанына 90 жыл толуына орай Есет батыр ауылдық кітапханасында "Қаламы шындықты сөйлеткен қаламгер" атты әдеби танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылды. "Тұлғалар тағдыры - тарих айнасы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, "Медеу Сәрсекеевтің көп томдық шығармалары", "Взрыв", "Жаңғырық", "Семей қасіреті", "Жетінші толқын" шығармаларынан үзінділер оқылды. Қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, жазушы мұрасының маңызды екенін айтты.